Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған республикалық «Абай тағылымы-адамзаттық тағылым» атты әдістемелік-шығармашылық фестиваль

  2020 жылдың 16-18 қараша арасында ШҚО білім басқармасы қолдауымен М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі ұйымдастыруымен қашықтықтан Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған республикалық «Абай  тағылымы-адамзаттық тағылым» атты әдістемелік-шығармашылық фестиваль өтті. Фестиваль аясында 16 қарашада «Абай-дана, Абай-дара қазақта» атты жас ақындардың мүшәйрасы офлайн нысанында өтті. Жас ақындар өздерінің шалқар шабыттары мен тың теңеулерімен көмкерілген өрнекті өлеңдерімен…

«АБАЙ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯ

2020 жылдың 19- маусымда Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған «Абай мұрасы және қазіргі білім беру» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті. Конференцияға қатысқан Башқұртстан, Қырғызстан, Ресей ғалымдары Абай мұрасын әлем жастарының тәрбиесіне, білім беру үрдісіне кіріктірудің маңыздылығына тоқталды. Конференциясының жұмысына еліміздің әр түрлі оқу орындарынан 300-ге тарта педагог…

Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына арналған «АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІНІҢ ЖАСТАР ТӘРБИЕСІНДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция

«Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Одан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ. Абайды қазақ баласы тегіс танып, тегіс білу керек» деген А.Байтұрсынұлының асыл сөздері бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіп, ұлтымыздың темірқазығына айналғалы қашан. Белгілі абайтанушы Мекемтас Мырзахметовтың «Абайдың адамгершілік мұраттары» атты кітабында, Абай «Адам болам десеңіз» деген тезисінде Абай өз заманының…

СЫРТТАЙ БӨЛІМДІ БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРДІҢ КУРС ЖҰМЫСТАРЫН ҚОРҒАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ 2019-2020 оқу жылы

Семей қаласы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық коледжінің сырттай бөлімінде оқып жатқан студенттеріміз де қашықтықтан білім беру технологиялары негізінде оқуын жалғастыруда. ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» № 123 бұйрығына сәйкес 2020жылғы 19 мамырда сырттай бөлімдегі «Бастауыш білім беру», «Дене тәрбиесі және спорт»,…

БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРДІҢ КУРС ЖҰМЫСТАРЫН ҚОРҒАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ 2019-2020 оқу жылы

ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялауымен 2020 жылдың 16 наурызынан елімізде енгізілген төтенше жағдайда қашықтықтан оқыту ТжКББ жүйесіне қарқынды ене бастады. Осынау дүрбелең кезеңді ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев: «Қазір бәріміз күрделі ахуалды бастан өткеріп жатырмыз. Бұл – береке-бірлігіміз сыналатын уақыт. Әрбір дағдарыстың екі жағы бар. Біріншіден, бұл, әлбетте – қауіп, бірақ, екіншіден, бұл – мүмкіншілік», – деп…

Жас оқытушылар мен студенттер арасында ұйымдастырылған облыстық «АБАЙ ЖӘНЕ АДАМЗАТ ҚҰНДЫЛЫҒЫ» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.

2020 жылдың 20 сәуірінде  «М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі»КМҚК Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай және «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту Бағдарламасын іске асыру шеңберінде  ШҚО қоғамдық ғылымдар негіздері пәні оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігімен бірлесіп «Абай және адамзат құндылығы»тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды. Конференция дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 корнавирусын пандемия деп жариялауына байланысты  ҚР…

«KAZRIO.KZ – жас өркен»

«KAZRIO.KZ – жас өркен» – білім мен қабілетті дамыту орталығы 25 ақпан Абайдың 175 жылдығына арналған ІІ Республикалық экпресс байқауын өткізді. Байқауға Семей қаласы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің «Қаламгер» ақындар үйірмесінің мүшелері, дарынды студенттер қатысып, 16 топ студенті, жас ақын Тоқтарбеков Бекзат еркін тақырыпта өлең шығарудан «Ой түбінен асыл сөз» номинациясы бойынша «Үздік» деп танылып,…

Тарих және тағылым: «АБАЙ ЕРЕЖЕСІ» мен ҚР Конституциясының сабақтастығы

21.02.2020ж. Семей қаласы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде «Әлеуметтік-экономикалық» пәндік әдістемелік комиссиясы оқытушыларының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы мен ҚР Конституциясының 25 жылдығына арналған «Тарих және тағылым: «АБАЙ ЕРЕЖЕСІ» мен ҚР Конституциясының сабақтастығы» тақырыбында қоғамдық пәндердің облыстық әдістемелік бірлестігі аясында ойталқы пікір алаңы өтті. Ұлы ойшыл, хакім Абай Құнанбайұлының ұлттық құқықтық жүйенің дамуына қосқан үлесі,…

ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС: «БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ – СТУДЕНТТЕРДІҢ 4 К ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ КЕПІЛІ»

10.02.2020 ж М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде жобалау-зерттеу қызметі білім алушылардың кәсібиленуінің тиімді құралы ретінде, пәндік оқу-әдістемелік кешенін жабдықтау – бәсекеге қабілетті маман даярлау мақсатында «Білім беру үрдісінде инновациялық технологияларды қолдану – студенттердің 4 К құзіреттілігін дамыту кепілі» тақырыбында әдістемелік кеңес өтті. Әдістемелік кеңес екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде Назарбаев зияткерлік мектебінің оқытушылары Камбелова У.У., Акимжанова…