«БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ-2023″ ЖӘРМЕҢКЕСІ
22.04.2023ж. Жас мамандардың лайықты еңбекпен қамтылуына ықпал ету, қолдау көрсету мақсатында М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде «Бос жұмыс орындары-2023″ жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеге Абай облысының қала, аудан мектептерінен жұмыс беруші өкілдер келді. Шара барысында ІІ дәрежелі “Барыс” орденінің кавалері, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері, колледж директоры, ф.ғ.к. Жанаева Шаған Алдамжарқызы болашақ мамандар – 4 курс студенттеріне сәттілік тіледі.
Жұмыс берушілер колледжді «Бастауыш білім беру мұғалімі», «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі», «Дене тәрбиесі және спорт мұғалімі», «Спорт жаттықтырушы- оқытушы», «Шетел тілі пәнінің мүғалімі», «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі», «Музыкадан мектепке дейінгі және негізгі орта білім беретін ұйымдар мұғалімі» біліктіліктері бойынша бітіргелі отырған түлектермен және олардың 3-4 жыл бойы жинақтаған жетістіктерімен танысып, квалтест сертификаттарының болуына назар аударды.
Шара соңында мектептен келген өкілдер өздеріне қажетті мамандықтар туралы айта отырып, жұмысқа келген жас маманға кез келген мектеп қолдау көрсететініне тоқталды.
Іс-шара барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, оларға толықтай жауап ала алды.