22.04.2022ж. Жас мамандардың лайықты еңбекпен қамтылуына ықпал ету, қолдау көрсету мақсатында М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде «Бос орындар жәрмеңкесі-2022» ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеге ШҚО бойынша қала, аудан, ауылдық мектеп пен балабақшалардан жұмыс берушілер келді.
Жәрмеңкеде ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, Ы.Алтынсарин атындағы медалінің иегері, колледж директоры Ж.Ш. Алдамжарқызы түлектерге сәттілік тілеп, дәстүрлі «Үздік портфолио-2022» байқауының жеңімпаздарын марапаттады.
ШҚО, Аягөз ауданының білім бөлімі басшысы Азимбаев Нұрғали Тлекқалиұлына сөз беріліп, Аягөз ауданына қажетті мамандықтарға тоқталып, ауылды жерде сағаттың жеткіліктілігіне, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша да ауылды жерлерге жұмысқа орналасу мүмкіндігінің тиімділігіне және ауылды жерлерге жұмысқа келген жас маманды жатаханамен қамтамасыз етудің жолға қойылғандығына тоқталды.
Жұмыс берушілер кабинеттердегі «Бастауыш білім беру мұғалімі», «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі», «Мектепке дейінгі ұжымдардың тәрбиешісі», «Дене тәрбиесі және спорт мұғалімі», «Шетел тілі пәнінің мүғалімі», «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі», «Іс қағаздарын жүргізуші», «Өзін-өзі тану мұғалімі», «Кітапханашы» біліктіліктері бойынша бітіріп отырған түлектермен және түлектер жұмысымен танысып, қажетті мамандықтар бойынша қолдаухаттар толтырылды.
Іс-шара барысында түлектер сұрақтар қойып, оларға толықтай жауап ала алды.