Тәжірибе
АЛАШТЫҢ ТҰҢҒЫШ БІЛІМ ОРДАСЫНА – 120 ЖЫЛ!
20.02.2024 ж. М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі базасында облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы кәсіптік және техникалық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен “Болашақтың негізгі құзыреттері” атты форсайт-семинар өтуде. Мақсаты: ТжКББ ұйымдарының оқу үдерісіне халықаралық “WorldSkills” қозғалысының стандарттарын енгізудің озық педагогикалық тәжірибесін жалпылау, “WorldSkills Abay – 2024” өңірлік чемпионатына дайындық, жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, жастарды техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі біліммен қамтуды кеңейту, заманауи еңбек нарығының талаптарына жауап беретін жоғары білікті мамандарды даярлау.
Форсайт-семинарға облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы кәсіптік және техникалық білім беру бөлімінің әдіскері Э.Н.Нұрашева, М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі, жоғары көпсалалы колледжі, Шәкәрім атындағы жоғары колледжі, қызмет көрсету саласы колледждерінің сарапшылары қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар бас сарапшы мен бас сарапшының орынбасарын сайлады. Фокус-группа жұмысында “Мектепке дейінгі тәрбие” құзіреттілігі бойынша “Worldskills Abay – 2024” өңірлік чемпионаты үшін модульдерді әзірлеп, ұсынылым жасады.
Семинар соңында қатысушылар “Болашақтың негізгі құзыреттері” тақырыбында пікір-алмасып, білікті маман даярлауда Worldskills кәсіби шеберлік чемпионатының маңызы зор деген қорытындыға келді.
“Worldskills Abay – 2024” өңірлік чемпионатында қатысушылар мен сарапшыларға сәттілік тілейміз! Форсайт-семинардың нәтижелі, жоғары деңгейде өтуіне басшылық жасаған облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының маманы Эльмира Нұрашқызы Нурашеваға және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі басшысының іс-тәжірибе жөніндегі орынбасары Куляш Аскаровна Искаковаға алғысымызды білдіреміз!