Тәрбиелік жұмысХабарландырулар

Кездесу «Жастар арасындағы әлімжеттік неге өршіп тұр?» деген тақырыпта бейне көрсетіліммен басталды. Колледж директоры Ш.А Жанаева  қоғамдағы әлеуметтік желілер арқылы таратылып жатқан келеңсіз оқиғалар педагогтарға жат екендігін, болашақ педагог  мамандардың бойындағы ізгілік пен адамгершілік жаман әдеттерден тыйылып, өздерін келер ұрпақ тәрбиешісі ретінде дамытулары керектігін баса айтты.

Алғашқы әскери даярлық пәнінің оқытушысы майор Екибасов.К.К – «Жасөспірімдер арасындағы қылмыс қалай азаяды?» деген тақырыпта баяндама жасады. Колледж психологі Ж.Бигазиева «Жасөспірімдер арасындағы қылмыстық іс-әрекет» мәселесін көтеріп, колледждің ата-аналар комитеті мен білім ордасы  арасындағы байланысы туралы сөз қозғады.

Затон полиция бөлімінен келген полиция капитандары Ақшолақов Нұрлыбек пен Тоқтарғазы Жұлдыз жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен әкімшілік құқық бұзуды жете талқылап берді. Сондай-ақ, құқық бұзудың зардаптары мен жастардың болашағы үшін өте зиянды екенін айтып  өтті.

Жиын соңында  қылмыс жасап, заңға  тартылған жасөспірімдер өмірінен бейнефильм көрсетілді.

Залға еркін микрофон тартылды. Студенттер жиыннан алған әсерлерімен бөлісті.

АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы майор К.К Екибасов