Тәрбиелік жұмысХабарландырулар

22.04.2019 күні оқу орнымызда жаңа технологияға, жаңа өркениетті дамуға байланысты басқа өркениетті елдердің көптен бері пайдаланып келе жатқан интерактивті құралдарды, ІТ технологиялардың мол мүмкіндігін пайдалана алатын, сонымен қатар ақпаратпен жан-жақты қаруланған, дамыған тұлғаны тәрбиелеудегі мұғалім мамандығының рөлін көрсету мақсатында «Біз – Цифрлы Қазақстанның болашағымыз!» атты тақырыпта 304 топтың ашық тәрбие сағаты өткізілді. Ашық тәрбие сағатында колледж оқытушылары мен білім алушыларына мамандыққа байланысты цифрлық техниканы тиімді пайдалану әдістері ұсынылып, әлемнің жаңа озық технологиялары туралы қызықты деректер берілді.
Ашық тәрбие сағаты барысында студенттер инновациялық технологияларды, робототехника мен автоматтандыру технологияларын игеріп, сол бағытта жасап жатқан жұмыстарының нәтижелері ретінде роботтар шеруін көрсетті. Сондай-ақ оқу орнымыздағы мамандықтарды зерттей отырып, сол мамандықтардың ерекшеліктеріне сай жасап дайындалған компьютерлік бағдарламаларын ұсынды.
Информатика пәнінен болашақ жас оқытушылардың, жастардың, ашық тәрбие сағаты барысында ұсынған жұмыстары көрермен тарапынан өз бағасын алды.