Тәрбиелік жұмыс

«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген еліміз мерекелі тірлік жасаудан жалықпайды.

Қазақстан Халқының Бірлігі күніне орай Орталық алаңда қала деңгейінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Аталған шараға М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің оқытушылары мен студенттері де белсенділікпен қатысты. Арнайы құрылған сахнада домбырашылар ансамблі күй тартып, биші қыздар «Тойбастар» биін биледі. Колледжіміздің мақтаныштары, «Наурыз аруы – 2022» байқауының қатысушылары ұлттық киім дефилесін ұсынды.

Сонымен қатар, «Дене тәрбиесі және спорт» пәндік әдістемелік комиссиясының оқытушылары ұлттық ойындардан әртүрлі сайыстар өткізді. Қала тұрғындары арқан тартысып, гір тастарын көтеріп, тоғызқұмалақ ойнады. Әсіресе, «бес тас» ойны көрермендер қызығушылығын туғызды.