Тәрбиелік жұмыс

Елімізде 2021 жылғы 5-7 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісі, ҚР Президенті Әкімшілігі депутаттарының қатысуымен  Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін насихаттау бойынша «Бірігу алға ілгерілеудің басты факторы ретінде» атты республикалық лекторий ұйымдастырылды.

Аталған лекторий 7 желтоқсан күні М.О.Әуезов атындағы педагогикалық келледжінде өтті. Шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Булавкина Ольга Александровна  және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, жазушы, аудармашы Әлпейісова Камал Әбілқасымқызы қатысты. Қонақтар колледжбен танысып, студенттермен кездесу өткізді. Кездесу барысында студенттердің  Ассамблея жұмыс туралы сұрақтарына жауап беріліп, этномәдени бірлестіктер рөлінің маңыздылығы және 2022 жылы мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдау туралы айтылды.