Тәрбиелік жұмысХабарландырулар
«Абай облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Бірге! Бір толқында!» облыстық жастар форумы аясында «Заманауи медиа» тақырыбын қорытындылау кешін ұйымдастырылды.
Бұл кеште Абай облысы әкімі Н.Т.Уранхаев “Жастар – кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші” деп ерекше атап өтті.  Сонымен қатар, бұл кешке Семей қаласының мемлекеттік қызметкерлері, белсенді азаматтары, оқу орындарының үздіктері қатысып, Семей қаласының дамуына үлес қосып жүрген белсенді жастар Абай облысының әкімінің алғыс хатымен марапатталынды.
Олардың қатарында  “Оратор” ДК координаторы Аяулым Құсман, А.Т.Бекбаев  стипендиясының иегері Аяулым Дүйсенғазина және Студенттік парламент президенті Шоқан Баймулаевтар бар.