Тәрбиелік жұмысХабарландырулар
Алаштың тұңғыш білім ордасында Қазақстанда тұратын ұлттардың өнері мен дәстүрін, мәдениеті мен тілін, бейбітшілік пен ұлтаралық ынтымақтастықты насихаттау мақсатында дәстүрлі түрде 1 мамыр – Қазақстан халықтары бірлігі күніне орай 1 курс студенттері және ата-аналарының қатысуымен «Бір шаңырақ астында» фестивалі өтті.
Бір шаңырақ астындағы халқымыздың ынтымақтастығы мен өзара ауызбірлігінің, республикамыздағы ұлтаралық татулықтың белгісі болған мерекеге орай өткен фестиваль 3 кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде әр топ өзіне бөлінген ұлттың дастархан мәзірін ұсынды. 2-кезеңде топтар өзіне бөлінген халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мәдениетін қамти отырып, таныстырылым жасаса, соңғы кезеңде Ұлттар киімінен дефиле көрсетті.
Шараға ІІ дәрежелі «Барыс» орденінің кавалері, Филология ғылымының кандидаты, колледж директоры Жанаева Шағангүл Алдамжарқызы, ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстан халқы Ассамблеясының “Бірлік” алтын медалінің иегері, облыстық достық үйінің бөлім басшысы Жаксылыкова Сания Каиржановна, «Музыка және көркем еңбек» пәндік әдістемелік комиссиясының төрайымы Бузаубагарова Роза Шумаковналар төрелік етті.
Фестиваль 1 курстың 260 студенті қатысқан флешмобпен ашылды.
Биылғы жылғы фестивальдің басты ерекшелігі – ата-аналардың қатысуы болды. Әр топтың ата-аналары балаларымен бірге сахна төрінде өнер көрсетіп, ұлттар тағамдарының таныстырылымын жүргізді. Шара соңында «Бір шаңырақ астында» фестивалінің өтуі барысындағы ынтымақтастығы және қолдауы үшін белсенді ата-аналар колледж басшысының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Фестиваль қорытындысы бойынша:
 Қазақ ұлтын таныстырған – МНО 22-09 тобы І орын;
 Украин ұлтын таныстырған – БББ 22-09-03 тобы,
Белорусь ұлтын таныстырған – ШТ 22-09-01 тобы ІІ орын,
Орыс ұлтын таныстырған – ДТ 22-09,
Татар ұлтын таныстырған – СЖО 22-09,
Әзербайжан ұлтын таныстырған – ШТ 22-09-03 топтары ІІІ орынды иеленді. Қалған топтар Алғыс хаттармен марапатталды.