Мамыр айы шуақты мерекелерге толы. Оның ішінде ынтымақ пен бірліктің, келісім мен жасампаздықтың жыры өрілген мейрамның жөні бөлек.
🏵Бүгін, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай жылдағы дәстүр бойынша М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде 1 курс студенттері арасында «Бір шаңырақ астында» атты фестиваль өтті. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен ынтымағын дәріптеу мақсатында өткен шараға 16 топ қатысты. Алдын ала жеребе бойынша топтарға елімізде тұратын ұлт өкілдері бөлініп берілді.
Игі шараға қатысушы топтар тыңғылықты дайындалған. Фестиваль аясында студенттер түрлі ұлыстардың салт-дәстүрі мен ұлттық ойындарын зерттеп, зерделегені байқалды.
🌈Екі кезеңнен тұрған фестивальдің 1 турында топтар әр ұлттың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, өнерін ортаға салса, екінші турда ұлттық киімдерден дефиле көрсетті.
Фестивальде дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетіліп, әр ұлттың мың бұралған биі мен әсем әндерімен жалғасты.
💐💐💐Нәтижесінде, украин ұлтының салт-дәстүрі мен өнерін жоғары деңгейде көрсете білген ШТБ 21-09 тобы Бас жүлдені иеленді. І орынды орыс ұлтын таныстырған БББ 21-09-03 тобы алса, ІІ орынды топтары СЖО 21-09, БББ 21-09-01 және ДТ 21-09-01 топтары бөлісті. Ал үшінші орын МДТ 21-09-01, АУД 21-09, БББ 21-09-02, ШТ 21-09-01 топтарына бұйырды. Қалған топтар Алғыс хаттармен марапатталды.