Бүгін оқу орнымызда 1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күнін мерекелеу, жастарға Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетін тереңірек танытып, оны құрметтеуге баулу, мемлекетіміздегі ұлтаралық келісім, толеранттылық ұғымдарын студент бойына сіңіру, Тәуелсіз Қазақстанды сүюге, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу мақсатында, 1 курстар арасында дәстүрлі «Бір шаңырақ астында» атты байқау ұйымдастырылды. Байқау үш турды құрады. Бірінші турда әр топ өзіне бөлінген ұлттың тағамдарынан дастархан мәзірін жасады, оны қорғап, салтқа сәйкес ұсына білді. 2-турда топтар әр ұлтың ән-биін, салт-дәстүрін көрсетіп, сол ұлттың ерекшелігін арнайы сценарийге сәйкес, еркін формада таныстырып шықты. 3 тур «Ұлттар киімінен дефиле» деп аталды. Бұл турда киімнің ұлттық нақышқа сәйкес тігілуі, киім дизайны, сапасы, киімді ұсына білуі ескерілді. Қатысушыларымыз барлық турда белсенділік танытып, көрермен көңілінен шыға білді. Қазылар алқасының шешімі бойынша, жүлделі 1-орын «0105033 «Бастауыш мектептегі ағылшын тілі мұғалімі» мамандығының 12 топ студенттері (топ жетекшісі: Нурланова А.Қ.) иеленді. 2-орынмен 0111083 “Шетел тілі пәнінің мұғалімі” мамандығының 14 топ студенттері (топ жетекшісі: Жақсыбаева А.М.) және 3-орынмен 0103013 “Дене тәрбиесі және спорт мұғалімі” мамандығының 13 топ студенттері (топ жетекшісі: Мухамбаев Б.Р.) марапатталды. Жеңімпаздарды құттықтай отырып, Тәуелсіз еліміздің көк туының астында барлық ұлттың достығы жасай берсін демекпіз!