Хабарландырулар

16.02.21 күні «Жаратылыстану, дене тәрбиесі» пәндік әдістемелік комиссиясы онкүндігінің аясында биология және химия пәндерінен І курс білім алушылары арасында колледжішілік олимпиаданың І кезеңі өткізілді. Олимпиаданың өткізілу мақсаты: колледж білім алушыларының биология, химия пәндерінен теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету; ғылыми дүниетанымды дамыту, оқушылардың зияткерлік дамуын және кәсіби бағыт-бағдарын қолдау. І кезең шарты бойынша: білімалушылар 50 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын орындап, 50%-дан жоғары жинағандар ІІ кезеңге өткізілді. Барлық қатысқаны – 53,  ІІ кезеңге жіберілгені – 21  білім алушы.