2022 жылдың 14 ақпан күні М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде «Білім берудің цифрлық трансформациясы – уақыт талабы» тақырыбында әдістемелік кеңестің отырысы өтті.
Кеңес отырысының кіріспе сөзін директордың ғылыми-әдістемелік жөніндегі орынбасары Боленбаева А.К. ашты.
Отырыстың тәжірибелік бөлімінде шеберлік мектебінің оқытушылары өз тәжірибесімен бөлісті. Колледж әдіскері Оспанова Д.Т., «Ustazlab» педагогикалық зертханасының оқытушылары Мавлитаева Г.А., Нурланова А.К. «Желілік қауымдастық оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру құралы ретінде» мәселесі бойынша педегогтың кәсіби өсіп, қалыптасуы, жаңаша ойлау мен іс-әрекет ету дағдылар арқылы желілік қауымдастықтарда өзгелермен тәжірибе бөлісе отырып, тұрақты дамуға қол жеткізу жолдары, онлайн сабақтар өткізу әдістерін қарастырды. «Virtual teacher» шығармашылық клубына тіркеліп әр оқытушы өзіне қажетті инсайтты алатынын және практикады қолдану мүмкіндігін көрсетті.
«Акмеология» педагогикалық зертханасының оқытушылары Қойгельдина Б.Ж., Маметекова Г.С., «Ustazlab» педагогикалық зертханасының оқытушысы Сентаева А.Б. «Сандық білім беру ресурстарын қолдану арқылы Z буынында коммуникативтік құзіреттілік қалыптастыру» бойынша Miro, Flipity интерактивті тақтасымен жұмыс істеу артықшылықтары, мүмкіндіктері, сабақты ұйымдастыру жолдарымен таныстырды.
«Акмеология» педагогикалық зертханасының оқытушылары Музапарова Д.Б., Комаева М.С., Бласпаева Г. «Ынтымақтастық оқыту – білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында сабақты ұйымдастырудың тиімді формасы» тақырыбында ынтымақтастық технологиясының ерекшеліктеріне тоқтала отырып, Castlots, Wordwall, Webquest интерактивті құралдарымен жұмыс істеу ерекшеліктері, тиімді жақтары мен топтық, жеке жұмыс жасай алу әдістері, платформалардың қол жетімділігі туралы қолдану тәжірибесімен бөлісті.
Күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша Әдістемелік кеңес мүшелері ойларын ортаға салып, пікір алмасу түрінде өткен отырыс соңында ортақ тұжырым жасалды.