Хабарландырулар

24.02.2021 күні  педагог қызметкерлердің қашықтықтан оқыту әрекетіндегі инновациялық әлеуетін дамыту, ғылыми-әдістемелік,  ІТ-құзіреттілік бағыттағы еңбектерін насихаттау, бәсекеге қабілетті кәсіби маман даярлау мақсатында   «Жаратылыстану, дене тәрбиесі» ПӘК онкүндігі аясында  бейнесабақтар сайысы  ұйымдастырылды. Бейнесабақтар  инновациялық ІТ технологияларды қолдану құзіреттілігі,  материалдың  грамматикалық, стилистикалық, орфографиялық сауаттылығы, ұсыну креативтілігі, тәжірибелік маңыздылығы   бойынша бағаланды.

Нәтижесінде:

І орын    – Мухамбаев Б.Р. «Жүзу  және оны оқыту әдістемесі» пәнінен бейнесабақ,   тақырыбы :«Спорттық жүзудің техникасы».

ІІ орын- Сағатбеков Б.А.  «Шаңғы спорты және оны оқыту әдістемесі» пәні бойынша бейнесабақ, тақырыбы: «Шаңғы спортының шығу тарихы, Қазақстанда дамуы».

ІІІ орын – Шаймарданов А.Қ. «Спорт ойындары және оны оқыту әдістемесі»  пәнінен бейнесабақ, тақырыбы: «Жарыстар ережелері мен өткізу барысы – волейбол, баскетбол.