06.05.2019. «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің шежірелі тарихында айрықша орын алатын дара тұлға, Ұлы Ұстаз, Еңбек және Ұлы Отан соғысының ардагері, «I дәрежелі Ұлы Отан соғысы», «Құрмет белгісі» ордендерінің иегері, КСРО Халық ағарту ісінің үздігі, ҚР Білім беру ісінің үздігі, Семей қаласының Құрметті азаматы Бекбаев Асылхан Табылдыұлының 95 жылдығына арналған «Ғұмырдария» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатын «Шетел тілі мұғалімі» біліктілігі бойынша оқитын 302 топ ұйымдастырды, топ жетекшісі – К.С. Мусина. Ашық тәрбие сағаты өте мазмұнды, өнегелі ғұмырдың өрелі тәрбиесін алатындай жоғары деңгейде, қазақ және ағылшын тілдерінде жүргізілді. Колледж директоры Ш.А.Жанаева жауапты топқа, топ жетекшісіне өз ризашылығын білдірді.