16.03.2021ж. Семей қаласы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің «Бастауыш білім беру» бөлімінің 41, 41А, 42 топ студенттері Zoom платформасында «Бүгінгі білімді студент – болашақ білікті маман» тақырыбында дипломалды іс-тәжірибе конференциясын өткізді. Колледж тарихындағы алғаш рет аралас форматтағы өткізілген іс-тәжірибені машықкерлеріміз Шығыс Қазақстан облысының аудандық, Семей қаласының қалалық орта мектептері мен мектеп–гимназияларында және Алматы облысында кезекші сыныптарда, онлайн және офлайн форматында өткізді. Іс-тәжірибе барысында машықкерлер бейнесабақтар әзірлеп, сабақтарын оқу орнының Youtube каналына жүктеді.
Конференцияға қала мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері, 3-курс студенттері, бітіруші топ машықкерлері мен әдіскерлер қатысты. Конференция қонақтары С.А.Скакова, М.З. Аканова «Қритериалды бағалау үдерісі» тақырыбында баяндама жасап, студенттерімізге бағалау түрлерін және электронды күнделікпен жұмыс жүргізуді көрсетті. Н.Е.Панасенко студенттермен кері байланыс орнатып, онлайн және офлайн форматындағы сабақтарды өтуде интербелсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолданғандығын, АКТ құралдарынмен жұмыс түрлерін меңгергендігін айта келіп, колледж директоры Ш.А.Жанаеваға, колледж әкімшілігі мен әдіскерлеріне алғысын білдірді.
Мемлекеттік дипломалды іс-тәжірибені жоғары деңгейде өткізген машықкерлер Кайранова Айжүз, Қажияқпарова Арна, Хасенова Қаршыға, Мадениятова Аяжан, Айқын Гүлдана, Мұратбекова Айсұлу, Бейсембаева Толғанай, Самархан Маржан мектеп директорларының алғыс хатымен марапатталды. Машықкерлер дипломалды іс-тәжірибе барысында жинақтаған білімімен, тәжірибесімен, кездескен қиыншылықтары және одан шығу жолдарын ортаға салып, 3-курс студенттерімен бөлісті.
Болашақ ұстаздарға мамандығыңның майталманы болсаң, еңбегіңді еліңе жұмсасаң, беделіңнің биіктейтіні анық демекпіз.