«БАЛАНЫҢ МЕКТЕПТЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУІ» ІС ТӘЖІРИБЕСІ

🏢 М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру» мамандығының 4 курс студенттері  01.09-08.09.2023 мерзімі аралығында қаламыздағы №4 жалпы орта білім беретін мектепте «Баланың мектептегі психологиялық бейімделуі» іс- тәжірибесінен өтті.

🗓️ 31.08.2023 күні колледжде қалыптастыру конференциясы ұйымдастырылып, директордың іс-тәжірибе жөніндегі орынбасары К.А.Искакова  іс-тәжірибенің мақсаты, ерекшеліктерімен таныстырды.  «Баланың мектептегі психологиялық бейімделуі» іс-тәжірибесінің мақсаты- машықкерлерді мектептегі алғашқы күндері баланы оқытудағы оқу-тәрбие үрдісінің ерекшеліктерімен таныстыру.

📚 Іс-тәжірибе барысында машықкерлер бастауыш сынып мұғалімдеріне көмектесіп, оқушылардың мектепке дайындық деңгейін зерттеп, олардың мектепке тез бейімделуіне жағдай жасады. Сынып жетекшісіне балаларды қабылдауға көмектесіп, баланың мектепке дайындығын анықтау мақсатында диагностикалық жұмыстар жүргізді, әрбір 1-сынып оқушы тұлғасының мектепке бейімділігін байқай отырып, психологиялық-педагогикалық  мінездеме жазды. Іс-тәжірибе жоспарында көрсетілген міндеттерді орындай отырып, қорытындысын шығарды.

👨‍💻 Машықкерлер колледж қабырғасында алған теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, тәжірибе жинақтады.

Іс-тәжірибеден өту түлектер үшін тиімді және қажетті кезең болды. Педагогикалық тәжірибе білім алушылардың мамандық таңдауы дұрыс екенін көрсетті!👍

#Біртұтас_тәрбие