2018 жылдың 1-14 қыркүйек аралығында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің 45 және 405-топ студенттері қаламыздың №3,4 жалпы орта білім беретін мектептерінде «Баланың мектептегі алғашқы күні» практикасынан өтті.
Практика барысында студенттер алғашқы қоңырауға қатысыты. Балабақшалар мен мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының сабақтастығына талдау жасап, оқушылардың алғашқы күндері мектепке бейімделуін бақылады. Мұғалімге көмек көрсетіп, ойындарды, сергіту сәттерін ұйымдастырды. Теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырды. Дипломалды практикаға материалдарды жинақтады.