ТәжірибеХабарландырулар
М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің «Бастауыш білім беру» мамандығының 88 студенті 2023-2024 оқу жылының 1- 8 қыркүйек аралығында қаламыздың «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназия» КММ, «Төлеубай Аманов атындағы №16 ЖОББМ» КММ, “№28 ЖОББМ”КММ, “№40ЖОББМ”КММ мекемелерінде «Баланың мектептегі алғашқы күні» іс-тәжірибесінен өтті. Тәжірибенің мақсаты – білім алушыларды мектептегі алғашқы күндері баланы оқытудағы оқу-тәрбие үрдісінің ерекшелігімен танысу. Міндеттері – білім алушыларды мектептегі алғашқы аптадағы бірінші сынып оқушылары және олардың ата-анасымен жүргізетін жұмыстың ерекшелігімен таныстыру. Баланың мектептегі дайындық деңгейі тексерумен байланысты білім алушылардың зерттеу дағдысын қалыптастыру. Мектеп және отбасы, мектепке дейінгі мекемелердің баламен жүргізетін жұмыстарының ынтымағын айқындау.
Іс –тәжірибеге барарда ДІТЖО Искакова К.А машықкерлерге нұсқаулық жиналыс өткізді. Тәжірибе барысында студенттер “Білім күні” мерекесінің ұйымдастырылуын көріп, бастауыш сынып мұғалімдеріне көмектесіп, оқушылардың мектепке дайындық деңгейін зерттеп, олардың мектепке тез бейімделуіне өз үлестерін қосты. Тәжірибе жетекшілері машықкерлердің мамандыққа алғашқы қадамын сәтті ұйымдастырды.