ТәжірибеХабарландырулар

 

“Баланың мектептегі алғашқы  күндері” іс-тәжірибесінен дөңгелек үстел

 

15.09.2023 ж. күні М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде “Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі”, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» және “Тәрбие жұмысын ұйымдастыру” мамандықтарында оқып жатқан  41, 41а,  42,  46,  БББ 21-11,  МДТ 21-11 және  МНО 21-11  топ студенттері  3 курс студенттеріне «Баланың мектептегі алғашқы  күндері» атты іс-тәжірибесінен дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізді.

Бітіруші топ студенттері дөңгелек үстелге жиналған болашақ  машықкерлерге 1-сыныптарда сабақтың алғашқы аптасындағы оқу-тәрбие жұмысының ерекшеліктерімен таныстырды, іс-тәжірибенің барысын талдады. Алғашқы қоңырауға қатысып, тәрбие сағатын өткізуді, алғашқы аптадағы сабақтарды ұйымдастыруды бақылау тәжірибелерімен бөлісті. Мектеп мұғалімінен оқушыларды қабылдауды  және үйіне шығарып салуды, тамақтануды, үзілісте қозғалмалы ойындар ұйымдастыруды және көрнекі құралдар, үлестірмелі материалдарды дайындауды  үйренгенін ортаға салды.

Қатысушыларға тәжірибе бойынша толық мағлұмат беріп, өз жұмыстарын жүйеледі.

#Біртұтас_тәрбие