М.О. М.О.Әуезов Атындағы Педагогикалық Колледжі «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» ПӘК онкүндігі аясында 06.03.2021 жылы күні «Ортаңғы және ересек топ балаларын үй жануарлары және жабайы аңдармен таныстыру» тақырыбында балаларды табиғатпен таныстыру және оқыту әдістемесі пәнінен оқытушы Қайсанова Жадыра Қайсанқызы 35-топ білім алушыларымен «Zoom» қлсымшасында онлайн-ашық сабақ өткізді.
Мақсаты: білім алушыларды оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес ортаңғы және ересек топ балаларын үй жануарлары және жабайы аңдармен таныстыру жолдарын үйрету туралы жаңа білім негіздерімен қаруландыру.
Міндеттері:
-білім алушының ой-өрісін, сөздік қорларын молайту, сөзі мен ісіне жауапты болудағы қасиеттерін қалыптастыру; -қайтарымды байланыстарды ұштастыру, өзгені тыңдай білу, сыйлау дағдыларын дамыту.
Жадыра Қайсанқызы сабақ барысында қашықтан білім беру технологиялары негізінде “Серпілген сұрақтар”, “Сканерлеу әдісі”, “Білім қоржыны” сияқты белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып, студенттердің қызығушылықтарын арттыра алды.