Әдістемелік қызметХабарландырулар

ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялауымен 2020 жылдың 16 наурызынан елімізде енгізілген төтенше жағдайда қашықтықтан оқыту ТжКББ жүйесіне қарқынды ене бастады. Осынау дүрбелең кезеңді ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев: «Қазір бәріміз күрделі ахуалды бастан өткеріп жатырмыз. Бұл – береке-бірлігіміз сыналатын уақыт. Әрбір дағдарыстың екі жағы бар. Біріншіден, бұл, әлбетте – қауіп, бірақ, екіншіден, бұл – мүмкіншілік», – деп атап көрсетті.

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж үшін сондай мүмкіншіліктің бірі – қашықтықтан білім беруді оқу-тәрбие үрдісіне тиімді кіріктіру болды. 20-29 сәуір аралығында қашықтықтан «ZOOM»  бағдарламасымен 161,   Видео конференциямен 6, электронды жіберген материал арқылы 50,  барлығы 217 студент курс жұмыстарын қорғады.

Биылғы оқу жылында ІV курс студенттерінің курс жұмыстарын қорғау уақыты елімізде жарияланған төтенше жағдаймен орайлас келді. Төтенше жағдайға қарамай ұйымшылдықпен жұмыс жүргізген ұжым мен студенттерімізге колледж директоры, ф.ғ.к. Ж.Ш.Алдамжарқызы ризашылығын білдірді.

Еңбек нарығына 117 жыл педагог кадр даярлап отырған киелі шаңырақ ежелден заман ағымының небір сын сағаттарында сапалы кадр даярлау мәселесінде оқ бойы озық тұрған оқу орындарының бірі болды. Бүгін де білім алушыларымыз бен оқытушыларымыз дәл сол межеден көрініп, жоғары сапа белгісін көрсетті. Тәуелсіз ғылыми жұмыстарын жүргізу, сыни ғылыми әдебиеттерді талдау, логикалық материалды ұсыну, шығармашылық нәтижелерін интерпритациялау және жинақтаудың жоғары деңгейін көрсетіп, мазмұнды курс жұмысын ұсынған 0111000 «Негізгі орта білім» мамандығының Б.Бакказиев, А.Серікбаева, А.Нұрланқызы сынды IV курс білім алушыларына, жетекшілері З.Д.Сахариеваға, С.Табилтайға колледж әкімшілігінің алғысын білдіреміз. Еңбектеріңіз жана берсін білікті ұстаздар, дарынды білім алушылар!

 

Сараптамалық комиссия мүшесі  Алканова З.С., директордың кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары, педагогика пәнінің оқытушысы, п.ғ.м.

Сараптамалық комиссия мүшесі  Сарсекова Г.К.,колледж әдіскері, педагогика пәнінің оқытушысы

<

FEEDBACK

FEDERKOVA  K, ЕNGLISH TEACHER FROM HIS

Would like to give a positive feedback  Erdocov Aidos on the given course work as the student’s project has been proven to be effective by addressing for definition of scientific basis and methodology for the formation of dialogical speech on the basis of analysis of methodological literature on this topic. The study of methods of teaching dialogue speech and develop speaking skills is based on modern pedagogical technologies.  I confirm that the student’s course work is written in a well-organized and structured manner. The work consists of an introduction, two chapters, a conclusion and an Appendix. The introduction substantiates the relevance of the study, formulates its purpose and objectives. The information shared about  importance of  using dialogues and it leads to the development of the speaking skills. The work focuses on role-playing games in teaching Dialogic speech.  The material provided on practice at school № 37,   paired reading, visualization and a clear guiding scheme of improving the student’s skills  of Dialogic speech is highly motivating.    And what I personally liked is about the course work is using  different methods of dialogue  that the student had suggested  which made it very easy to understand to what extent the practical part of the course work has been successfully implemented.