Семей қаласы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде «Музыка және көркем еңбек» бөлімінің дауыс қою пәнінің оқытушылары А.К. Боженова мен Б.М.Қалибаевтың ұйымдастыруымен ақын-сазгер, әнші, өнертанушы, «Тәуелсіздікке 20жыл» төсбелгісінің иегері,Үржар ауданының Құрметті азаматы, алаштанушы Құсілия Жырғалыұлы Нұрқасыммен кездесу кеші өткізілді. «Бүгінгі жыраулық дәстүр» атты кездесу кешінің мақсаты жастарды жыраулық дәстүрмен таныстыру және дәріптеу. Кеш музыкалық хордың орындауында Құсмілия Нұрқасымның «Семей-Алаш» әнімен басталды.
Қ.Ж.Нұрқасым Республикалық VI «Тәуелсіздік толғауы» атты жаңа өнер туындыларына арналған конкурстың «Қазақ хандығының 550 жылдығы» және «Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы» аясында халықтар достастығын бейнелейтін ірі және кіші көлемді «Ең үздік музыкалық шығарма» номинациясы бойынша «Әз Жәнібек, Керей хан кеменгерлер» шығармасын орындады. Әнін жерлесіміз Тұрсынғазы Рахимов жазған. Жыраулар поэзиясы –халқымыздың тарихында қайталанбас, айрықша орны бар, рухани-әлеуметтік маңызы зор, қыр-сырлары әлі күнге дейін толық айқындалып болмаған қызықты да күрделі құбылысы туралы Қ.Ж.Нұрқасым кеш қонақтарына көп мәліметтер айтты.
Студенттеріміз ақынның өмірбаянымен,туындыларымен, өнер жолындағы жетістіктерімен, танысып, əртүрлі тақырыпта сұрақтар қойып, әдемі сұхбаттасқан өткізді.