№201 Шәкен Айманов атындағы атаулы дәрісхана – кіші ғылыми зерттеу орталығы мүшелерінің ұйымдастыруымен өткен бұл байқауда 2 курс студенттері үш кезең бойынша сынға түсті. 1-кезеңде алдын-ала жеребе арқылы таңдалынып, зерттеу жүргізілген режиссердің әр фильмін қатысушылар көрермендерге түрлі заманауи формалар арқылы ұсынды. Студенттердің фантазиясын дамыту, цифрлы білімдерін тереңдету, үштілділікке бейімдеу мақсатын ұстанған «Пиар-life» кезеңіндегі көрсетілген материалдар – көрермендерін ерекше әсерге бөледі. Байқаудың 3-кезеңінде сайыскерлер фильмнің саундтрегін жанды дауыста түрлі аспаптарда, заманауи өңдеуде және би, театр, поэзия, т.б. жанрлармен әсем үндестіріп, жоғары эстетикалық талғамда ұсына білді. Байқауға топ жетекшілерімен қоса, көркемдік жетекшілер де белсене қатысты.
Қазылар алқасының қорытындысы бойынша, «Бас жүлдені» 25 топ (Біліктілігі: “Шетел тілі пәнінің мұғалімі”, топ жетекшісі: Муканов М.С., «Тақиялы періште» фильмі үшін) иеленсе, 1-дәрежелі дипломды 23 топ (Біліктілігі: «Бастауыш мектептегі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі», топ жетекшісі: Какенова А.Б., «Дала қызы» фильмі үшін) иеленді. 2-дәрежелі диплом 28 топқа («Музыкадан мектепке дейінгі және негізгі орта білім беретін ұйымдар мұғалімі», топ жетекшісі Кабимолдина А.К., «Біз осында тұрамыз» фильмі үшін) берілді. Ал, 3-дәрежелі дипломға 21А тобы («Учитель начального образования”, классный руководитель Каримова Г.Ф., за фильм «Песня зовет») лайық деп танылса, 24 топ студенттері (Шетел тілі пәнінің мұғалімі”, топ жетекшісі Қалкенова Б.Т., «Жамбыл» фильмі үшін) алғыс хатпен марапатталынды.
Байқаудың ұйымдастырылуына қолдау көрсеткен Абай атындағы кітапхана ұжымына, Семей қалалық жастар ресурстық орталығының директоры О.А. Соғымбайға, қалалық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы А.В. Айтмұқашқа, кіші ғылыми зерттеу орталығының жетекшісі А.А. Ибраеваға ұжым атынан алғыс білдіреміз!
Шәкен Айманов жасасын! Қазақ киносы жасасын! Алға, жас дарындар!