Қазақ гуманитарлық – заң инновациялық университетінің гуманитарлық факультетінде Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Педагогика және психология» кафедрасының ұйымдастыруымен студенттер арасында «Психологиялық-педагогикалық ғылымның мәселелері мен болашағы» атты ғылыми жобалар байқауының қорытынды кезеңі өтті.
Конкурстың қорытынды кезеңінде: іріктеу кезеңінен өткен білім алушылардың ғылыми жұмыстары қорғалды. Қатысушылар байқау комиссиясы мен ҚазГЗИУ гуманитарлық факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері алдында өз жобаларын ұсынды.
Қорытынды кезеңге үш оқу орнынан – М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінен, Семей қаласының көпсалалы колледжінен және Ж. Шайжүнісов атындағы электрондық колледжден 11 студент қатысты. Студенттер қаланың оқу орындарында инклюзивтік бастамаларды жүзеге асыру жолдары, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына психологиялық көмек көрсету, мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және кіші мектеп оқушыларын оқыту әдістемелері, басқа да көптеген тақырыптар бойынша түрлі жобаларды қорғады.
Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздарын анықтады.
М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің 3-курс студенті Карбасова Ажар Талғатқызының «Сөйлеу дамуының тежелуі бар балалардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастырудың заманауи әдістері» атты ғылыми жұмысы ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ жұмыс деп танылды. ҚазГЗИУ тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры А.Б.Баженов байқау жеңімпазына ректор, саяси ғылымдарының докторы, профессор Ш.А.Құрманбаеваның ҚазГЗИУ-да бірінші оқу жылына ГРАНТ сертификатын тапсырды. Ғылыми жетекшісі «Педагогика және психология» ПӘК оқытушысы Мұратқызы Арман.
Үшінші орынды 3-курс студенті Бақытбеков Анель «Ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға арналған оқу орындарында кедергісіз орта қалыптастыру жолдары» атты жұмысы үшін алды. Оған ҚазГЗИУ-да алғашқы оқу жылына 25% ЖЕҢІЛДІК СЕРТИФИКАТЫ берілді. Ғылыми жетекшісі «Педагогика және психология» ПӘК оқытушысы Мұратқызы Арман.
«Педагогика және психология» ПӘК оқытушысы Сарсекова Гульжан Кусмановнаның жетекшілігімен жазылған Шаметова Айшабибінің «Бастауыш сынып оқушыларының өздік оқу қызметін дамытудың педагогикалық аспектілері» атты жұмысын ерекше атап өтті.
Барлық қатысушыларға сертификаттар мен сыйлықтар табысталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!