Хабарландырулар

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде 21-30 қыркүйек аралығында «АЗАМАТ ТУДЫРҒАН АЛЫП ТҰЛҒА» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәндік әдістемелік комиссиясының онкүндігі өтті. Онкүндік барысында заңғар жазушы М.О.Әуезовтің туған күніне орай жылма –жыл өткізілетін дәстүрлі «Әуезов сыны» байқауы ұйымдастырылды. Заңғар жазушының биыл 123 жылдығы. Сонымен бірге оқу орнымызға есімі берілгеніне 53 жыл толып отыр.
Байқаудың мақсаты:
– Ұлы жазушының әдеби мұрасын терең білу, шығармаларын насихаттау, оқу орнымызға деген патриоттық сезім мен құрмет сезімін арттыру,;
-М.Әуезов мұрасын зерделеу, жазушының рухани мұралары арқылы білім алушылардың көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру, көркемсөз оқу шеберлігін, тіл мәдениетін жетілдіру;
-Ұлы тұлғаға деген құрмет сезімін оқу-тәрбие үрдісімен байланыстыра отырып, жазушы шығармаларын оқытудың өзектілігін арттыру.
Жалпы байқауға 59 студент қатысты.
1-курстар арасында «ҰЛЫ АБАЙДЫ ЖЫРЛАУ ҮШІН ҚАЗАҚҚА, КЕРЕК БОЛДЫ МҰХАҢ СЫНДЫ БІР ДАНА» тақырыбында М.Әуезовке арнау-өлеңдер сайысына 22 студент өтінім беріп, оның 17-сі қатысты. І орынды 19-топ студенті Д.Жаппров, ІІ орынды 17-топ студенті Н.Сембаева, ІІІ орынды 14- топ студенті К.Керимханова мен А.Әскерғазина иеленді
2-курстар арасында М.О.Әуезов шығамаларынан үзінді оқу сайысы «М.ӘУЕЗОВ-ШАЛҚАР ШАБЫТТЫ ЖАЗУШЫ» деп аталды. Сайысқа 20 студент өтінім білдіріп, қатысқан 14 студенттің ішінен 27-топ студенттері А.Жолдыбаева І орын, А.Қазетова ІІ орын, 21-топ студенті Ж.Демежанова мен 201 топ студенті Ш.Уасилова ІІІ орын иеленді
3-курстар арасындағы «ҒАСЫРЛЫҚ ТУЫНДЫ» сайысында студенттеріміз «Абай жолы» эпопеясынан жатқа үзінділер оқыды. Сайысқа 15 студент қатысып, 31- топ студенті А.Жақсыбаева І орын, 302-топ студенті Г.Әлібек ІІ орын 301-топ студенттері Қ.Құмарова мен Б.Бекейқызы ІІІ орын иеленді
4-курстар үшін «ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» ғылыми жобалар байқауы ұйымдастырылды. Байқауға топ ішінен оза шыққан әуезовтанушылардан 14 студент қатысты. Студенттер әр-түрлі тақырыпта ғылыми-жобалар қорғады. 41 «А» тобының студенті Н.Жоламанов ІІ орын, 41 топ студенті А.Қабдоллаева ІІІ орын, 406-топ студенті Есіркеп Дәурен «Әуезов шығармаларындағы этнография ұғымдары» тақырыбы аясында қорғаған жұмысы үздік деп танылып І орын иеленді.
Киелі оқу орнымыздың абыройын арттыратын талантты да шығармашыл әуезовшілер қатары көбейе берсін. Ұлы бабамыздың озық мұрасын зерделей отырып, кәсіби және шығармашылық тұрғысынан алда болыңыздар!
Барлық жеңімпаздарды ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!