Хабарландырулар

Ағымдағы жылдың 18-19 сәуір күндері еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласында M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti-нде өткен республикалық «Қазақ тілін креативті оқытудың үздік әдіс-тәсілдері» атты байқауға М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің оқытушылары Калиева Сара Сырымқызы мен Мусанова Адина Дашақызы қатысып қайтты. Мемлекеттік тілдің қолданылым аясын кеңейтіп, мәртебесін көтеру мақсатында өткен байқаудың І туры бойынша Facebook желісінде жарияланған Сара Сырымқызының «М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы» тақырыбындағы, Адина Дашақызының «Ұлттық спорт ойындары. Бірыңғай мүшелер» тақырыбындағы креативті бейнесабақтары жоғары бағаланып, оқытушылар байқаудың ІІ турына жолдама алды. 18-сәуір күні байқаудың ІІ турының шарты шеңберінде өткен академиялық эссе байқауында С.С. Калиеваның жұмысы  үздік деп танылып, І Дәрежелі дипломмен марапатталса,   А.Д. Мусанова «Үздік әдіскер» номинациясын иеленді. Әріптестерімізді оқу орнының мерейін көтерген дүбірлі жеңістерімен құттықтаймыз!