Бүгін, 10.09.2019, ҚР Тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» 2018 жылғы 19 ақпандағы Жарлығына сәйкес бүкілқазақстандық диктант жазылды. Жалпыхалықтық диктант жазуға Семей қаласы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж студенттері де өз үлестерін қосты. Колледжде өткізілген диктантқа қалалық «Достық» үйінің орыс, неміс, ингуш әлеуметтік мәдени орталықтарынан өкілдер келіп қатысты. Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы 85 жасар Р.К.Ғазизұлы диктант жазып, диктант соңында студенттерімізге ақ жол тілеп, ақ батасын берді.