Әдістемелік қызметХабарландырулар

2020 жылдың желтоқсан айының  2 – күні Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы «М.О Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК, «Педагогика-психология» пәндік әдістемелік комиссиясының онкүндігінің аясында Семей қазақ педтехникумының түлегі, 1937-1941 жылдар аралығында Семейдің Абай атындағы қазақ педучилищесінде оқу ісінің меңгерушісі, директорлық қызмет атқарған Т.М Мусинге және оқу орынының түлегі, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқан басшы, қоғам қайраткері Ф.Ғ. Халитоваға арналған І колледжішілік «Білім беру мазмұнын жаңарту: инновациялар мен тенденциялар» атты  Педагогикалық оқулар өтті.

Ұйымдастырушылар: Бөленбаева Алия Каримовна директордың ғылыми – әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары, Жунусова Ляззат Байботаевна, Кабимолдина Айгуль Кайрбековна педагогика-психология пән-әдістемелік комиссиясының оқытушылары.

Білім беру мазмұнын жаңартуға байланысты оқытуда қолданатын әдіс-тәсілдер ерекшеліктерінің маңызын ашу, туындаған мәселелер мен олардың шешімдері туралы тәжірибе алмасу алаңын құру мақсатында ұйымдастырылған Педагогикалық оқуларға 17 оқытушы және бітіруші курстардан 16 студент қатысты.

«Шеберлер мектебінен» қатысқан педагог қызметкерлер бойынша жүлделі орындар төмендегідей реттілікпен бөлінді:

І Дәрежелі Диплом – Нурпейсова Еркеш Болатбековна, қазақ тілі мен әдебиеті  пәндерінің оқытушысы;

ІІ Дәрежелі Диплом – Юсупова Маржан Казбековна,  ағылшын тілі пәні оқытушысы және  Ахметова Айнұр Көбегеновна, математика пәні оқытушысы;

ІІІ Дәрежелі Диплом – Мұқанов Төлеуғазы Камалұлы, тарих және қоғамдық пәндер оқытушысы және Каримова Гульнара Фаритовна, ағылшын тілі пәні оқытушысы.

Жас оқытушылар мектебінен» қатысқан оқытушылар бойынша:

І Дәрежелі Диплом – Секенова Арайлым Мейртайқызы, ағылшын тілі пәні оқытушысы;

ІІ Дәрежелі Диплом – Аймухаметова Наргиз Жусупқызы, қазақ тілі мен әдебиеті  пәндерінің оқытушысы;

ІІІ Дәрежелі Диплом – Мусабалина Эльмира Темерланқызы, ағылшын тілі пәні оқытушысы және Тұрсынова Аяулым Қанағатқызы, мектепке дейінгі педагогика пәні оқытушысы.

Студенттер жұмысы жеке тыңдалып, бағаланды. Студенттер арасынан:

І Дәрежелі Диплом – 45-топ студенті Оразалина Салтанат (ғылыми жетекшісі: Юсупова Маржан Казбековна);

ІІ Дәрежелі Диплом –  46-топ студенті  Қабышова Күлсін Бауыржанқызы (ғылыми жетекшісі: Комаева Маржан Сейфуллаевна) және  404-топ студенті Қамалбаева Айсұлу Тынысбекқызы (ғылыми жетекшісі: Мусаев Қуат Ғалымович);

ІІІ Дәрежелі Диплом  – 46-топ студенті Айтказина Айзада Берікханқызы (ғылыми жетекшісі: Утепбаева Айгерим Адильжановна), 402-топ студенті  Қажыханова Таннұр Молдағазықызы (ғылыми жетекшісі: Серіқкан Азамат Ерболатұлы), 44-топ студенті Рашканова Аяжан Нурлановна (ғылыми жетекшісі: Торыбаева  Ғайни Нұрахметовна) иеленді.

Колледжімізде алғаш ұйымдастырылған Педагогикалық оқулар дәстүрге айналып, педагогтар мен студенттердің  кәсіби шыңдалу мектебі болары ақиқат. Жеңімпаздарды тұғырлы жеңісімен құттықтаймыз!

«Елiңнiң ұлы болсаң, елiңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың мемлекетiн нығайтып, көркеюi жолында терiңдi төгiп еңбек ет. Жердiң де, елдiң де иесi екенiңдi ұмытпа»,-дейдi Елбасы Н.Ә.Назарбаев. Сондықтан, жастарға бiлiм беретiн ұстаздар да ұлы мұрат жолында жалынды еңбек ететініне сенімдіміз.