Хабарландырулар

2021 жылдың 20 желтоқсан күні Семей қаласы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде «Әлеуметтік-экономикалық» пәндік әдістемелік комиссиясының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің» КМҚК 1 курс студенттері арасында «Қазақстан тарихы» пәнінен колледжішілік олимпиада өтті. Олимпиадаға 1 курс студенттері арасынан 27 студент қатысты.
Олимпиада жұмыстарына «Әлеуметтік-экономикалық» пәндік әдістемелік комиссия төрағасы Мұқанов Төлеуғазы Камалұлы мен қоғамдық пәндер оқытушылары Битолеуова Эльмира Даулетжановна, Бажакупова Мадина Бауыржанқызы және Асқаров Данияр Мейренбайұлы төрелік жасады.
Олимпиада екі турдан тұрды.
І тур – тест шешу; Барлығы 25 сұрақ берілді. Тест тапсырмасында бір ғана дұрыс жауапты белгілеу қажет. Тест тапсырмасының жоғары балы – 25 балл. Тапсырманы орындауға 25 минут бөлінді.
ІІ турға жоғары балл жинаған 7 қатысушылар жіберілді. ІІ турда жоғары балл – 20 баллмен бағаланды.
ІІ тур 2 кезеңмен өткізілді:
1-кезең. «Тарихи оқиға: дерек және дәйек». Студенттер деректер мен дәйектерді пайдаланып, мәтінде берілген оқиғаны анықтау керек.
2-кезең. «Тұлғаны таны» Қазақстанның саяси-қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық, рухани дамуына үлес қосқан қайраткерлер.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша: Құрманғажы Нұрдәулет (ДТ 21-09-01 топ студенті) «Бас жүлде»; Махабатова Ақбота (БББ 21-09-03 топ студенті) І орын; Бедельбаева Томирис (СЖО 21-09 топ студенті) ІІ орын, Тұрсынова Данагүл (ШТБ 21-09 топ студенті) ІІІ орын; Сағидолла Али (ШТ 21-09-02) ІІІ орынды иеленді. Олимпиадаға белсене қатысып, білімдерін көрсеткен, ең көп ұпай жинаған қатысушылар дипломдармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.