29.11.2019ж. М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекел мерекелік іс-шаралар өткізілді.
Күніміз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған ШҚО әкімі Д.Ахметовтың онлайн дәрісімен басталды. Обылыс әкімінің студент жастармен өткізген онлайн дәрісіне 150 студент, 20 оқытушы қатысты.
Онлайн дәрістен кейін барлық топтарда бір сағатта әр түрлі тақырыпта ашық сабақтар жүргізілді. «Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының сабақтары» жалпыреспубликалық ашық сабағы колледжде барлық топтарда 2019 жылғы 29 қарашада бір уақытта өткізілді. «Назарбаевтай болғым келеді» топтық жарыс, «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы», «Саяси көбасшы Н.Ә.Назарбаев», Н.Ә.Назарбаев «Қауіпсіздік жолдары», «Бұл палата Қазақстан Республикасының дамуының басты әсер етуші факторы үш тұғырлық деп есептейді» пікірталас,т.б. іс-шараларға дәріскерлер ретінде ардагер ұстаз М.Қ.Мақашева, «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы А.Айтмұқаш, Семей қаласы «Жастар ресурстық орталығының» әдіскерлері Д. Кенжеғазин, Т. Қыдырмоллаев, 28738 Әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік құқық жөніндегі орынбасары аға лейтенант М.Советов, “Интеллектуалды жастар қауымдастығы” ҚҚ төрағасы Қ.Молдақашев, пікірсайыстан бірнеше халықаралық, республикалық, аймақтық және қалалық турнирлардың жеңімпазы, жүлдегері, «Ең үздік спикері» аталымдарының иегері М.Тұрысбековтар қатысып, Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуындағы Ұлт Көшбасшысының ролінің маңызын түсіндіріп, өз ойларымен бөлісті.
«Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша білім алып жатқан 31а топ студенттерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай өткізілген «Не отступать и не сдаваться на пути к мечте» атты ашық тәрбие сағатына Семей қаласының физика-математика бағытындағы “Назарбаев Зияткерлік мектептері” филиалының физика пәні мұғалімі, “Үздік педагог-2018” атағының иегері және “Әлем мұғалімі” жаһандық сыйлығының номинанты Асхат Советханұлы Жұмабеков шақырылды. Тәрбие сағатына 100 студент, 30 оқытушы қатысты.
Өткізілген сабақтар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге және білім алушылардың назарын Ұлт көшбасшысының ерен еңбектеріне аударуға бағытталды.