2019 жылдың 27-28 қараша күндері аралығында Семей қаласында Жастар жылының қорытындысы аясында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған «Біздің №1» жастар форумы өтті.
Форумға келген жастар ұйымдары өкілдері, қалалар мен аудандардағы жастар ресурстық орталықтары директорлары мен SMM бөлімі мамандары, жоғарғы оқу орындары мен кәсіпорындардағы жастар ісі комитеті жетекшілері, жоғарғы және орта арнаулы оқу орындары студенттері, еріктілер мен белсенді жастардың қатысуымен М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжде «Ұлттық еріктілер жүйесі» ҚЗТ атқарушы директоры Татьяна Миронюкпен пікір алмасу алаңы, «Жігерлі жастар ауылға» жобасы аясындағы ауыл шаруашылығы саласындағы үздік жастарды марапаттау шаралары жүргізілді. Форумға қатысушылар колледждің тыныс-тіршілігімен танысып, студенттердің әзірлеген мерекелік концертін тамашалады.