Халқымызда «Қайырымдылық жасасаң – қайырымын өзің көресің» деген нақыл сөз бар. Қайырымдылық пен мейірімділікті ізгі қасиеттердің бірі санайтын М.О.Әуезов атындағы пеадгогикалық колледжінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар білім алуда. «Бастауыш білім беру» мамандығының 2 курс студенті Серікқызы Амангүл де жетім баламыздың бірі. Серікқызы Амангүл Семей қаласында Аягөз ауданының әкімі Оразбаев Ділдәбек Тәжібайұлының қалада оқып жатқан Аягөздік студент жастармен кездесуіне барып, аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, сыйлыққа ноутбук иеленіп қайтты. «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей Амангүлдің апасы қамқорлыққа алып, жүрек жылуын ұсынып отырған колледж директоры Ж.Ш.Алдамжарқызына, топ жетекшісі Ю.М. Қазыбекқызына және педагогикалық ұжымға алғысын білдірді.