Тәрбиелік жұмыс

31.01.2022 «Қасіретті қаңтар» сабағы:  қоғамдық тұтастық – Тәуелсіздік кепілі»

М.О.Әуезов атындағы педагоикалық колледжінде 2022 жылдың 31 қаңтары күні студенттерге қоғамның, әлеуметтік-құқықтық діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және экстремистік бағытта арандатудан қорғау мақсатында  «Қасіретті қаңтар» сабағы:  қоғамдық тұтастық – Тәуелсіздік кепілі» тақырыбында іс-шаралар ұйымдастырылды.

Барлық топтарда АӘД, “Әлеуметтік-экономикалық” ПӘК оқытушыларының қатысуымен тәрбие сағаттары өткізілсе, «Қасіретті қаңтар» сабағы: қоғамдық тұтастық – Тәуелсіздік кепілі» тақырыбында «Жастар ресурстық орталығының директоры» Соғымбай Олжас Амангелдіұлы, «Тас мешіт» имамы  Айдын Сәлімханұлы, ШҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығының Семей өңірлік секторының маманы Омирханов Мақсат Ерланұлының қатысуымен кездесу өткізілді.  Кездесу барысында қаңтар оқиғасынан бейнероликтер көрсетіліп, сауалдар қойылып, студенттер өздерін толғандырған сұрақтарға толық әрі нақты жауап ала алды

.