2020 жылдың 18 мамырында ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ШҚО КББ орталығы» КММ ұйымдастырған бейне-конференция-байланыста «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК республикадағы ТжКББ жүйесінде пандемия жағдайында кездескен қашықтықтан оқытудың проблемаларына талдау жасай отырып, оны жеңу жолдары мен перспективалары шеңберінде өз педагогикалық іс-тәжірибесімен бөлісті. Конференцияға республиканың оқу орындарынан «ZOOM» платформасында 98 қатысушы тіркелді. Конференцияда колледждің педагогикалық қызметі ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаменті өкілі Г.О.Ошақбаева және әріптестер тарапынан жоғары бағаланды. Конференция барысында қашықтықтан оқыту жағдайында оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың өзекті мәселелері талқыланды.
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК директоры, ф.ғ.к. Жанаева Ш.А. білім беру үрдісін тиімдендіру мақсатында көтерілген кез-келген бастама оқу орнының қашықтықтан оқып отырған 1230 студенті мен ата-аналары, оқытушылар тарапынан қолдау тапқанына тоқтала отырып, Оқу орнының веб-сайтында қашықтықтан оқыту бөлімі құрылғандығы және бүгінгі таңда «Электронды оқулықтар», «Бейнесабақтар мен электронды құралдар каталогы», «Пәннің электронды оқу-әдістемелік кешені каталогы» бөлімдеріне қашықтықтан оқытудын 852 ресурстары топтастырылғандығы, Telegram, e-mail, Facebook, Уoutube сайттары және «Canvas» платформасының қолдану нәтижесінде білім беру үрдісі үздіксіз жүріп жатқандығы туралы оқу орнының педагогикалық тәжірибесімен бөлісті. Қиыншылықтарды жеңе отырып, оқу орнының «Төртінші өнеркәсіптік революция» жағдайында болашақтағы даму мүмкіндігін ТжКББ-дің дәстүрлі салаларының цифрлық трансформациялау; адами капитал қалыптастыру мен кәсіби маман даярлауда СБР-ын оқу-тәрбие үрдісіне қарқынды интеграциялау; құрылымдық бөлімдер қызметін цифрландыру арқылы нәтижеге бағдарлау; цифрлық инфрақұрылымды дамыту негізінде айқын жоспарлайтындығын әріптестерінің ортасына салды.
ДІТЖО Искакова К.А. «Балапан”, “Ел арна” телеарналарындағы əріптестеріміздің сабақтарын колледж əдіскерлері мен студенттерінің тəжірибе алмасу, жинақтау алаңына айналдыру бағытындағы жұмыстары мен машықкерлердің (ҚМЖ, көрнекіліктер, презентациялар, интернет ресурстар) «Canvas», «Telegram, e-mail» арқылы мектеп мұғалімдерінің электронды поштасы мен колледж жұмыс жасап отырған «Canvas» платформасына жүктелетіндігі, әдіскерлердің жетекшілігімен мектеп бағдарламасына сәйкес әр пән бойынша бастауыш және негізгі мектеп сыныптарына арналған Уoutube каналдарына бейне-сабақтардың 20 үлгісі жүктелгендігіне тоқталды.
“Бастауыш білім беру” мамандығы бойынша оқып жатқан студенттер ерекше білім алуды қажет ететін, патронаттық тәрбиедегі, жағдайы төмен және көп балалы отбасы балаларын мектеп өміріне бейімдеуге, үй тапсырмаларын орындауға көмек көрсетіп, волонтерлық жұмыстарын жалғастырып жүргізіп жатқандығы туралы атап өтті.
ДТІЖО Хауанова Н.Х. мазмұнды жасалған жұмыстардың бір парасы ретінде Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған #ПедколледжНаурыз# челленджін атап өтті. Шараға 30 студент отбасымен бірге салт-дәстүрлерді көрсетіп, 2-3 минуттық бейнероликпен қатысқан. Студенттер «Волонтер жылы» аясында ұлы ойшылдардың рухани-адамгершілік құндылықтарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған #adaldyqJolymen челленджіне, инстаграм парақшасында «Абайды оқы, таңырқа» атты викториналық сұрақтар айдарына, «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе» атты Абай өлеңдерін оқу челленджіне қатысуда белсенділік танытқан. “Діни сауаттылық-қоғам қауіпсіздігі” тақырыбында өткен ашық тәрбие сағатында «ШҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығының» Семей өңірлік секторының маманы М. Ерланұлы «Zoom» бағдарламасы арқылы студенттердің көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап бергені туралы айтылды. 1-мамыр халықтар достығы күніне орай 1 курстар арасында дәстүрлі өткізілетін «Бір шаңырақ астында» атты байқау қашықтықтан ұйымдастырылған. «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі Ұлы Отан соғысы жылдарында» тақырыбында бейнероликтер дайындалып, #AtamnynAmanaty 75, #менбатырдыңұрпағымын хэштегімен челлендждерге қатысты. «Ардагерлер, ерліктерің өшпейтін дастан бүгін» атты эсселер байқауы студенттердің елжанды патриот екенін көрсетті.
ДҒӘІЖО Боленбаева А.К. инновациалық технологияларды оқу үрдісіне тиімді кіріктіру барысында 20-29 сәуір аралығында қашықтықтан 161 білім алушыға «ZOOM» бағдарламасымен, 6 білім алушыға бейнеконференциямен, 50 білім алушыға электронды поштамен электронды тасымалдағышта жіберген материалдары арқылы курс жұмыстарын қорғағандығын айтып өтті. Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай және «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту Бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Абай және адамзат құндылығы» тақырыбында онлайн тәртібінде облыстық деңгейде оқу орны ұйымдастырған ғылыми-практикалық конференцияға ШҚО ТжКББ жүйесіндегі 13 оқу орындарынан 69 жас оқытушылар мен білім алушылардың қатысуы, конференция жұмысына Шәкәрім атындағы МУ профессорлық-оқытушы құрамынан оқытушылар тартылғандығын атап өтті.
16.03.20 ж. – 16.05.20 ж. аралығында әр түрлі деңгейде өткен шараларда: халықаралық деңгейде – 69, республикалық деңгейде – 133, облыстық деңгейде – 31 білім алушылар таным белсенділіктерін көрсетсе, 84 оқытушы қашықтықтан өткен шараларға қатысқан.
ДКОЖО Алканова З.С. оқу практикасы келесідей кезеңмен жүзеге асырылып жатқандығы туралы өз тәжірибесімен бөлісті:
- «Оқу практикасын қашықтықтан ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық» (құрастырған: З.С.Алканова, директордың кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары, п.ғ.м.) әзірленіп, бекітуге ұсынылды (әдістемелік кеңестің шешімі №4 хаттама 14.03.2020 ж.).
- ҚБT қолдану арқылы оқыту формалары жүзеге асырылды (бейнедәрістер: «Жазғы сауықтыру лагеріне дайындық оқу практикасының мақсаты мен міндеттері», пән оқытушысы-әдіскер Алканова З.С. «Педагогтың кәсіби дамуында рефлексияны дамытудың маңыздылығы», пән оқытушысы-әдіскер Елеусізқызы М.)
3 Білім алушылардың электрондық оқу басылымдарындағы өзіндік жұмыстары мен зертханалық практикумдар (имитациялық модельдеу) арқылы білім алушылардың жобалық өзіндік жұмыстары электронды портфолиоға жиналды.
4.Форумдар, чаттар және электрондық пошталар арқылы кеңес берілді.
5.Жазғы сауықтыру лагерін ұйымдастыру оқу практикасына электронды ресурстар жинақталып, сілтемелері оқу-әдістемелік кешенге енгізілді.
СЛАЙД ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ: ПРОБЛЕМАЛАР МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАР
Жанаева Ш.А. ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ: ПРОБЛЕМАЛАР МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАР