«Қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалану арқылы оқытудың үздік тәжірибесін трансляциялау» дәстүрлі вебинар жалғасуда. 2022 жылғы 22 ақпанда ШҚО кәсіптік білім беру орталығы облыс колледждерінің инженерлік-педагогикалық қызметкерлері үшін осы сериядағы екінші онлайн вебинарын ұйымдастырды. Бүгінгі вебинар алаңында жаратылыстану және қоғамдық пәндер оқытушылары бағытындағы облыстық әдістемелік бірлестіктерінің педагогтері өз тәжірибелерімен бөлісті, атап айтқанда:
– Боленбаева Алия Каримовна, М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің тарих және қоғамдық пәндер оқытушысы, «Қоғамдық пәндерді қашықтықтан оқытуда студенттердің білімін бағалау және кері байланыс орнату жолдары»;
– Мұканов Толеугазы Камалович, М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің тарих және қоғамдық пәндер оқытушысы, «Мәдениеттану пәнінен қашықтықтан оқыту жағдайында студенттердің өздік жұмыс жасау құзыреттілігін қалыптастыру»;
– Калкенова Бейбитгул Женисбековна, М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің биология пәнінің оқытушысы, «Қашықтықтан оқыту жағдайында биология пәнінен студенттердің таным белсенділігін арттыру жолдары».
Спикерлердің баяндамалары практикалық маңыздылығымен, ақпараттылығымен және өзектілігімен ерекшеленді.
Облыс колледждерінің педагогтері вебинар жұмысының тиімділігін айта келе, өз ұсыныстары мен тілектерін білдірді. Вебинардың барлық материалдары облыстық әдістемелік бірлестіктеріне озық педагогикалық тәжірибені одан әрі тарату үшін жіберілді. Вебинар жұмысына барлығы 30-ға жуық адам қатысты.