«Жаратылыстану, дене тәрбиесі» ПӘК онкүндігі аясындағы ашық сабақ «ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ»
24 ақпан күні «Жаратылыстану, дене тәрбиесі» ПӘК онкүндігі аясында Сарсембаев Бауыржан Серикжанулы «Ұлттық ойындарды ұйымдастыру және өткізу» тақырыбында қозғалмалы ойындар және оны оқыту әдістемесі пәнінен онлайн ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: Ұлттық ойындар арқылы білім алушыларды ұлттық тәрбиеге баулу әрекеттерінің маңыздылығын және дене тәрбиесі сабағында пайдалану жолдарын сипаттау.
Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру. Сабақтың барысы әңгіме-лекция, диалог, өздік жұмыс, топтық жұмыс түрінде өтіп, сын тұрғысынан ойлау, АКТ, фотосуреттер, презентация, интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолданылып, тақырыпқа сай бейнематериалдар көрсетілді. Білім алушылардың қызығушылығын ояту мақсатында «Bingo» ойыны және сәйкестендіру тапсырмалары ұтымды пайдаланылды. «Видеоролик» арқылы сабақтың негізгі мәні мен тақырыбы түсіндірілді.
Жаңа ақпаратты алу кезінде бұл әдістер оқушылардың оларды тиімді меңгеруіне мүмкіндік туғызды. Сабақта жаңа білім негіздерін игерту АКТ тиімді пайдану үшін «ZOOM» платформасында секцияларға бөлініп шығармашылық жұмыс арқылы жүргізілді. Білім алушылардың сабаққа қатысуын бағалау «Бес саусақ» бойынша жүзеге асты.