АЛАШТЫҢ ТҰҢҒЫШ БІЛІМ ОРДАСЫНА – 120 ЖЫЛ!
2023 жылғы 12 ақпанда оқу орнында «Ашық білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті маман даярлау» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңестің күн тәртібінде 2023-2024 оқу жылының І семестр қорытындысы, «Біртұтас тәрбие» тұжырымдамасы және «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын жүзеге асыру мәселелері қарастырылды.
«Білім беру парадигмасының өзгеруі мәнмәтінінде білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру жағдайы мен мәселелері: 2023-2024 оқу жылының І семестр бойынша оқу үрдісінің қорытындысы» туралы ДОІЖО Боленбаева А.К. баяндама жасады. Әрбір бөлім бойынша білім сапасы, оқу үлгерімі, бастапқы бақылау және қорытынды бағалау нәтижелері, сабақ босату туралы талдау жасалды. Колледждегі рейтингтік көрсеткіші бойынша үздік білім алушылар аталып, І семестр бойынша бөлімдердің оқу үлгерімі мен қызметіне жүргізілетін мониторинг қорытындысы таныстырылды.
2023-2024 оқу жылының І жарты жылдығында «Біртұтас тәрбие» тұжырымдамасын жүзеге асыру механизмдері мен маңызы тақырыбында ДТІЖО Нурланова А.К. тәрбие жұмысының талдау есебін ұсынды. Студенттердің оқу жетістіктері, өткізілген ашық тәрбие сағаттары, колледж студенттеріне жасалған әлеуметтік көмек, ұйымдар мен үйірмелер жұмысы, қоғамдық орындармен байланыс, колледждегі ағарту, алдын алу жұмыстары туралы баяндады.
ДІТЖО К.А.Искакова іс-тәжірибе түрлеріне, мақсат-міндеттеріне, іс-тәжірибе өту базаларына, өту барысына тоқталды. Өткізілген ашық көрсетпе сабақтар, қорытынды конференциялар, «Еңбек күнінде» әдіскерлер мен машықкерлер үшін өткізілген семинар т.б. шаралардың маңызын атап өтті.
Ғылыми-әдістемелік жұмыстардың жартыжылдық қорытындысы бойынша ДҒӘІЖО З.С.Алканова есеп берді. Пәндік-әдістемелік бірлестіктер мен жас оқытушылар мектебінің жұмысына, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесіне, оқытушылардың әдістемелік қызметін қорытындылады.
«Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын іске асыру жолдарын түрлендіру арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру» тақырыбында колледждің кітапхана меңгерушісі Ш.У.Айкебаева баяндама жасап, кітапхана жұмысын дамыту, кітап қорын толықтыру, тұрақты көрмелер ұйымдастыру, көркем әдебиетті насихаттау бағытында өткізілген іс-шараларға тоқталды.
Педагогикалық кеңесте қарастырылған мәселелер бойынша шешім қабылданып, екінші жартыжылдық міндеттері белгіленді.