8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде «Ару ғұмыр, сұлу өмір» атты мерекелік кеш өтті.
Мейірімділік пен сұлулықтың, даналық пен рухани қуаттылықтың салтанат құрған күні аяулы аналар мен қыз-келіншектер ерекше құрметке бөленді.
Колледж директоры, ф.ғ.к. Жанаева Шағангүл Алдамжарқызы ұжым аруларын мерекемен құттықтай отырып, 8 наурыз мерекесіне орай ұзақ жылдар бойғы мінсіз қызметі, сапалы әрі саналы мамандарды даярлау ісіне қосқан зор үлесі үшін қызметкерлерге марапаттар тапсырды. Диретордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Ш.Тоқтарбек, «Жаратылыстану» ПӘК жетекшісі Б.Ж.Калкенова және бас бухгалтер А.А. Муздыбаева «Қалаға сіңірген еңбегі» үшін төсбелгісімен марапатталды. ШҚО Білім басқармасы басшысының Құрмет грамотасымен А.К.Муздыбаева, Е.Нурпеисова, А.Б.Сентаева, Д.Б.Музапарова және Б.Байдековалар марапатталды.
Қалалық кәсіподақ ұйымы басшысы Құрмет грамотасымен «Дене шынықтыру және өнер» бөлімінің меңгерушісі А.Б.Сентаева, «Шет тілі» бөлімінің меңгерушісі А.М.Секенова, «Педагогика, психология» пәндік әдістемелік комиссиясының оқытушысы Ә.Қ.Нурланова, оқу орнының игілігі жолында атқарып жатқан елеулі еңбегі үшін Р.Т.Турубжанова марапатталды. Ал А.К.Абилкасимова мен Б.Д.Бахтина Қалалық кәсіподақ ұйымы басшысының Алғыс хатына ие болды.
Жігіттер ұжымы ұйымдастырған мерекелік кеш нәзік жанды әйел қауымын үлкен қуанышқа бөледі. Айтылған ізгі тілектер мен шырқалған әннің бәрі-бәрі бұл күні асыл ана, адал жар, аяулы апа-қарындастар тақырыбында болды.