М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің бастауыш білім беру бөлімінің 1-2 курс студенттерінің ұйымдастыруымен Семей қаласындағы қарттар үйіне барып «Қарттарымыз-қазынамыз» атты концерттік бағдарлама өткізіп ата әжелердің көңіл күйлерін көтеріп, сыйлықтарын беріп қайтты.Концерт заманауи бағытта музыкалық аспаптармен ретро және қазақ биімен өрбіді.Концерт соңында қарттарымыз билеп көңілдері көтеріліп, бір жасарып марқайып қалды.
Қарияларымыз – халқымыздың қиядағыны шалатын қырағы жанары, қоғамымыздың қадірлі қазынасы демекші біз қарияларымызды асыл қазыналарымызды құрметтеп үлгі тұтуымыз қажет. Өйткені біздің олардан алатын тәлім-тәрбиеміз мол.Сол себептен асыл қазыналарымызды барынша бағалап, оларды қадірлеп құрметтеп жүру барлық ұрпақтың міндеті.