М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің студенттері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған “AntiParaCraft-2021” квест ойынының қорытындысы шығарылды. Ұйымдастырушы: Әлеуметтік- экономикалық ПӘК оқытушысы Битолеуова Э.Д. Жастар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті тәрбиелеу – елдің стратегиялық дамуының негізгі факторы. «AntiParaCraft-2021» студенттік квест ойынының алғашқы кезеңінде оқу орнындағы бөлімдер арасында іріктеу бойынша бес команда құрылды. Жемқорлыққа қарсы квест бірнеше кезеңде өтті. Ойын барысында командалар ұрандарымен таныстырып, шараға қатысу барысындағы алға қойған мақсаттарын қорғады. «AntiParaCraft-2021» студенттік квест ойынының қазіргі таңда өзектілігіне байланысты колледж директоры Ш.А.Жанаева қазіргі таңда жастардың бойына парасаттылықты қалыптастыру және оқу орындарында адалдық, әділдік, адамгершілік, сенімділік және басқа да ізгіліктерді дарыту бағыты бойынша тамаша бастама деген пікір білдірді. Квест қорытындысы бойынша I дәрежелі дипломмен “Дене тәрбиесі және спорт” бөлімі, координоторы А.Б.Сағатбеков, II дәрежелі дипломмен “Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту” бөлімі, координаторы Н.С.Сапарғалиева, III дәрежелі дипломмен “Шет тілі”бөлімі, координаторы Е.Б.Нурпеисова, “Бастауыш білім беру” бөлімі мен “Филология” бөлімдері, координаторлары А.К.Ахметова, Г.Қ.Қасымжанова алғыс хаттармен марапатталды. Аталмыш шараның мақсаты осындай ойын арқылы жастардың бойында құндылық бағдарларын дарыту, оларды адалдыққа, парасаттылыққа тәрбиелеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы дағдыларды қалыптастырып, азаматтық ұстанымдарын шыңдау.