М.О.Әуезов Атындағы Педагогикалық Колледжі “Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту” ПӘК онкүндігінің жоспарына сәйкес 06.03.2021 жылы күні оқытушы А.Қ.Тұрсынованың ұйымдастыруымен 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған “Аналар – асыл жандар” атты қашықтықтан шығармашылық онлайн жоба байқауы өткізілді.
Мақсаты: білім алушылардың сәндік-қолданбалы шығармашылығын дамытуға жан-жақты ықпал ету, қатысушыларға жарыс түрінде өз шығармашылық қабілеттерін дамытуға және көсретуге мүмкіндік беру, көркемдік және сәндік-қолданбалы шығармашылық саласында тәжірибе алмасу.
Шығармашылық байқаудың қорытындысы:
1-орын: Бугумбаева Аружан, 405-топ.
2-орын: Саинова Ерке, 35-топ.
3-орын: Абдульдинова Еңілік, 35-топ.
Шығармашылық жоба онлайн байқауының жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық бағыттағы жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз! 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!🌷🌷🌷