Қазіргі уақытта заман ағымына сай мансап, жұмыс, отбасы, жеке өмірінде де өсіп-өркендеп, жетістікке жетіп, биік шыңдардан көрініп жүрген қазақтың қыздары баршылық. Алайда отбасылық жағдайда зорлық-зомбылыққа ұшырап жүргендер де аз емес. «Ана үйі» қоғамдық қорында қазіргі уақытта ана мен бөбектер тұрып жатыр. Әр қыз-келіншектің өз тағдыры бар.
Осыған байланысты әр оқу жылында М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжімізде 1 курс студенттеріне «Ана үйі» қоғамдық қорының үйлестірушілермен кездесу өткіземіз, жетекшісі Айнагүл Ғалымбекқызы Нұртазина. Биылғы 2020-2021 оқу жылының 23 ақпан күні санитарлық талаптарға сәйкес кездесу онлайн форматта өтті. Жас аналарға көмек көрсету, сәбилердің балалар үйлерінде тәрбиеленуінің және баладан бас тартуды болдырмаудың алдын алу мақсатында, сондай-ақ ерте жүктіліктің алдын-алуға және қиын жағдайға тап болған жасөспірім қыздарға психологиялық көмек көрсетуге бағытталған. Орталыққа келген қыздарға барлық жағдай жасалған, оларға психологтар мен медициналық қызметкерлері көмек көрсетеді. Дағдарыс орталықтарында әйелдердің өлшеу мен ой елегінен өткізуге, ананың бақытын сезінуге уақыты мен мүмкіндігі бар. Қордың үйлестірушісі Айнагул Ғалымбеққызы студенттерге осы ұйымның қызметі мен мақсаттары туралы ақпарат беріп, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.
М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің педагог-психологы: Бигазиева Ж.М.