Әдістемелік қызмет

24.02.2022ж М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде ұстаз, этнограф, аудармашы, журналист Нәзипа Құлжанованың 135 жылдығына арнап «Ана мен бала тәрбиесіндегі» еңбегі негізінде «Қыз тәрбиесі және қоғам» атты кеңес беру сағаты өткізілді. Мақсаты: Білім алушыларды жыныстық жолдармен жұқтырылатын инфекция проблемасы туралы қажет білімді, өз мінез құлқы үшін жеке жауапкершілікті және профилактика шараларын қалыптастыру. Жасөспірім кезіндегі жүктілік, қазіргі контрацепция әдістерін түсіну. Л.У Куспанова мен А.А Алибекованың ұйымдастыруымен өткен іс-шарада І курс білім алушыларына дәрігерлік кеңес берілді. Семей қаласындағы КГП ПХВ «Поликлиника1» ЦСЗ 2 –ден психолог Қуанышева Аяулым Қуанышевна., акушерка Ахметова Рысқаным Насибековна.,терапевт Қуанышпаева Ләззат Ғалымқызы қатысты.
Акушер Ахметова Рысқаным Насибековна өз сөзінде ерте жыныстық қатынастарға түсу салдары мен контрацепциялық сәтсіздіктер туралы айтып өтті. Психолог Қуанышева Аяулым Қуанышевна білім алушыларға өздеріне деген сенімдерін ұялатып, ЖАС ӨМІР орталығына байланыс жасауларына мүмкіндік барын ескертті. Терапевт Қуанышпаева Ләззат Ғалымқызы ерте жыныстық байланыстар үнемі адам денсаулығына ең алдымен репродуктивтік денсаулығына теріс ықпалы салдары болып табылатындығын мысал келтіре отырып түсіндірді. Сонымен қатар жасөспірімдер арасындағы жүктілік себептерін атай отырып, өз бетімен жасалатын түсік түсіру әр түрлі шиеленісу және қауіптілік тәуекеліне әкелетіндігін ескерте отырып, білім алушылар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берілді.
Білім алушылар кеңес беру сағаты нәтижесінде жүктілік медициналық қана емес, сонымен бірге әлеуметтік проблема, репродуктивтік денсаулығын нығайту және жасөспірім кезінде ана өлімін және жүктілік кезінде олардың балаларының өлімі жағдайларын болдырмас үшін не жасау қажет ? деген сауалға жауап алды.