ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты қазақ халқына Жолдауы мен 2015-2019 жылдарға арналған ШҚО үштілділікті дамыту бойынша Кешенді жоспарды жүзеге асыру аясында ШҚО білім басқармасының «ШҚО КББ орталығы» КММ ұйымдастыруымен 2019 жылғы ақпан айының 19-ы күні М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің «Математика, информатика және жаратылыстану» пәндік әдістемелік комиссиясының жоғары санатты оқытушысы Калкенова Бейбитгул Женисбековна «Анатомия, физиология және мектеп гигиенасы» пәнінен 0111000 «Негізгі орта білім беру» мамандығы, 0111083 «Шетел тілі мұғалімі» біліктілігі бойынша оқитын ІІ курс білім алушыларымен «Қан физиологиясы. Қан топтары. Қан құю» тақырыбында облыстық деңгейде онлайн сабақ өткізді.
Сабақта ойын, кейс-стадий технологиялары, СТО, АКТ ұтымды қолданылды. Оқытушы оқытудың интербелсенді әдістері арқылы тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік әлеуетінің дамуына қолайлы білім беру ортасын қалыптастыра алды. Б.Ж.Калкенова «Бинго» ойыны, ағылшын тілін сабаққа кіріктіру, білім алушылардың бір-бірімен қызықты ақпараттармен алмасуы, топтық сайыс, резус-фактор сәйкестілігін тәжірибе арқылы демонстрациялау, микроскоппен жұмыс, кейс-стадии технологиясын қолдану арқылы топ ішінде қан топтарына байланысты проблемалық ситуацияны шешу, сандық білім ресурстарын тиімді қолдану нәтижесінде білім алушылардың танымдық белсенділігін, пәнге қызығушылығын арттыра алды. Білімді бекіту кезеңінде «Донор-Реципиент» ойыны, bilimland.kz сайтынан «Кинометафора» әдісімен бейнематериалды талдау, «Сұрақ ілмегі» әдісі, Quizlet.com сайтында тақырыптық тестпен жұмыс студенттердің сабақ барысында қан топтары, резус-фактор ұғымы, қан құю ережесі, қан топтарының тұқым қуалауы туралы жан-жақты алған білімін бекітті.
Онлайн тәртібінде қатысқан әріптестер тарапынан: сабақ оқытудың нәтижесін алдын ала болжап, білім алушылардың қызығушылықтары мен ізденімпаздығы негізінде кәсіби құзіреттілігін қалыптастырып, зияткерлік әлеуетін дамытуға бағдар болды,- деп бағаланды.