Қайырлы күн
Бүгін, Абайдың “Жидебай-бөрілі” мемлекеттік музей-қорығында ҚР ұлттық мерекесі Республика күніне арналған “Қалың елім,қазағым” байқауы өтті. Байқау үш кезеңнен тұрды. Іс-шараның мақсаты – студенттердің туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту. Республика күнін ұлттық мереке ретінде жаңа мазмұнда атап өтіп, дәстүрге айналдыру. Бұл додада қанжығама жүлделі 3 орынды байладым! Ұйымдастырушылар алқасына алғыстымын!
Республика күні баршамызға құтты болсын. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!