М.О.Әуезов атындағы педогогикалық колледжінде «Anti Para Graft-2022» колледжішілік квест-ойыны өтті.
Квест мақсаты: Өскелең ұрпақтың білімге құштарлығын қалыптастыру және білім жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру ордасында келешек ұрпаққа сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен күресу жолдарымен таныстыру;
Жалпы сайыс 3 кезеңнен тұрды:
1-кезең «Шетел мемлекеттерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі тәжірибес» тақырыбына байланысты видео түсіру;
2-кезең «Клад ойын» жасырылған суреттерді іздеп, тауып құрастыру;
3-кезең «Дода» ұяшық таңдау арқылы сұраққа жауап беру;
Ойынға жалпы 4 топ қатысты:
1-топ Германия
2-топ АҚШ
3-топ Ұлыбритания
4-топ Жапония
Бұл ойында, «Бастауыш білім беру» бөлімі 1 дәрежелі дипломды, «Спорт және өнер» бөлімі 2 дәрежелі дипломды, «Филология және мектепке дейінгі тәрбие» бөлімі 3 дәрежелі дипломды, Шет тілі бөлімі алғыс хатты иеленді.