Хабарландырулар

2022 жылдың 8-ші ақпанында «Алматы кiтапбаспасы» TopIQ.kz платформасын таныстыру мақсатында М.О. Әуезоватындағы педагогикалық колледжінің 01140100 «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығында оқитын білімалушыларымен және «Математика және информатика» пәндік әдістемелік комиссия оқытушыларымен онлайн кездесу өткізді. Кездесу барысында Кожариянова Камария Женисовна электрондық оқулықтың артықшылықтары мен мүмкіндіктеріне тоқталды.
TopIQ.kz платформасының мұғалімдер үшін оқу процесін шынайы уақытта қадағалауға, электрондық журналдарды құруға, мұғалім жұмысындағы кеңейтілген әдістерді қолдануға тиімділігі, оқушылардың оқуға ыңғайлы уақытпен кеңістік құруға, өзіндік оқу қарқынын дамытуға мүмкіндік беруі қатысушылардын электронды кітапқа қызығушылығын туғызды. Барлық құрылғыға 1 веб-интерфейсті және ақпаратты қабылдаудың түрлі арналарын пайдалануға болады.
Сонымен қатар, электрондық оқулықтар баспа оқулықтың баламасы ғана емес түрлі интерактивтібейне тапсырмалар, және аудио материалдар қоры жинақталған және негізгі орта білім алушыларға қол жетімділігі. Нарық сұранысына сай бәсекеге қабілетті маман даярлауда оқу орнының әр бастамасы білім алушылардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру мен педагогтардың кәсіби өсуіне бағытталған. Сандық Қазақстанның электронды білім беру қорын құруда «Алматы кiтапбаспасы» қызметкерлері жұмыстарына шығармашылық табыс тілейміз!!!