29.10.2019 жылы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің I курс 9 сынып базасында келген студенттерімен «Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесуге Семей қаласы ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Мақсаты: жастардың діни басқа ағымдарға түсіп кету қауіпінің алдын алу.
Кездесу барысында діни экстремизм туралы түсінік берілді, одан сақтанудың жолдары айтылды, жастарды дәстүрлі емес діни ағымдардан қалай сақтандыруға болады деген көптеген мәлімет және мысалдары айтылды.
Соңғы кезде елімізде дәстүрлі емес діндер атауына ие болған көптеген дәстүрлі емес діни ұйымдардың үгіт-насихатына жұмыссыздар, өмірден өз орнын таппағандар, рухани ізденісте жүргендер, жеке басы және отбасындағы психологиялық қиындықтарға төзе алмағандар, дәстүрлі дінді терең білмейтіндер, әсіресе, жастар тез ілігуде. Өзіне құлшылық етушілерді қоршаған ортадан оқшаулауға ұмтылған қатаң фанатизмдік сипатқа ие дәстүрлі емес діни ұйымдар өз қатарларында адамдарды күштеп ұстап, зорлық-зомбылық, қаржылық айла-шарғымен айналысуда, сонымен қатар назарларына іліккен жандарды отбасылық байланыстардан үзу үшін белсенді түрде жұмыс жүргізуде.
Көптеген отбасының шырқы бұзылып, түтіні түзу ұшқан талай шаңырақ ортасына түсті. Өкініштісі, діни сауаты әлі кемеліне келмеген азаматтар олардан қалай сақтану керектігін, қандай жолмен тойтарыс беруге болатындығын жете біле бермейтін сыңайлы. Дәстүрлі емес діни ағымдардың көздеген мақсаты – халықты айтқанға көнетін ойсыз топқа айналдырып, оларды жанды қуыршақ сияқты басқару, санасына әмір жүргізу болып табылады.
Студенттерге діни ағымдардың теріс мақсатын жете түсіндірген Омирханов Мақсат Ерланович (ШҚО дін мәселелерін зер
ттеу орталығының Семей өңірлік секторының маманы ) олардың сақтану, секталардың жетегіне түсіп кетпеу керектігін де тәптіштеп түсіндірді. Өз кезегінде біздің М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің студенттері өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісіп, маман жауабын тыңдады.
М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің педагог-психологі Ж.М.Бигазиева